370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Денис Теннің өліміне қатысты үшінші күдікті қамауға алынды

  • 487
  • UPD: 15:50, 27.07.2018
Денис Теннің өліміне қатысты үшінші күдікті қамауға алынды NewTimes.kz

Денис Теннің өліміне қатысы бар үшінші күдікті қамауға алынды.

Қамауға алынған үшінші адамның есімі Жанар Толыбаева. Бұл туралы ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов брифинг барысында айтты. Оның айтуынша, ұсталған күдікті қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталып жатыр. «Дәлел жеткілікті, оның заңдылығын прокурор тексеріп жатыр. Сот бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім қабылдады», – деді Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.

Мұның алдында Денис Теннің өлімі бойынша істе екі күдіктінің ұсталғаны хабарланған болатын. Оның бірі Қызылорда облысының тумасы 1994 жылғы Құдайбергенов Арман, екіншісі Жамбыл облысының тумасы, 1994 жылғы Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде астыртын түрде мұнай өңдеумен айналысқан зауыт анықталды Түркістан облысында жол апатынан 7 адамды күйік шалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы