369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аяқтарынан айырылған экскаваторшы жігіт қайтыс болды

  • 212
  • UPD: 11:35, 30.07.2018

Ақмола облысында тау жыныстарының астында қалған экскаваторшы жігіт өткен түні қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, 21 шілде күні таңертеңгі сағат 8 шамасында «Алтын-тау Көкшетау» кәсіпорны аумағында экскаватордың үстіне тау тастары құлап кеткен болатын. Құтқару жұмыстары қиынға соққандықтан экскаваторшыға 12 сағаттай тау жыныстарының астында жатуға тура келді. Ауыр соққыдан езіліп кеткен аяқтарын дәрігерлер кесіп тастауға мәжбүр болды. Осыдан кейін ол бір аптадан астам уақыт хал үстінде жатты.

Айта кетейік, 25 жастағы Мадияр Төлеубеков, жақында ғана үйленген болатын.

Осы категория бойынша: « Демалыс күндері еліміздің аумағында судан 6 адам құтқарылды Адам ұрлауға қатысты күдікті әйел Әзербайжаннан елге жеткізілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы