368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстан тауында қазақстандық туристер зардап шекті

  • 292
  • UPD: 19:58, 30.07.2018

Бүгін Қырғызстан Республикасының аумағында бір топ турист таудан құлаған тастың астында қалды.

Ішінде Қазақстанның 4 азаматы бар. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам оқиға орнында қаза тапқан. Дәл қазір еліміздің Сыртқы істер министрлігі болған жағдайдың жай-жапсарын анықтап жатыр. Сонымен қатар қазақстандық консулдың араласуымен Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері азаматтарымызды құтқаруға аттанды. Қазақстаннан тікұшақ жөнелтіп, зардап шеккендерді қауіпсіз аймаққа көшіру жеткізу мәселесі қаралып жатыр.

Айта кетейік, табиғи апат Бішкек қаласынан 40 шақырым жердегі Скрябин мұздығы ауданында орын алған.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

– Эвакуациялау жұмыстары бүгін жүргізілмейді. Себебі күн бұлтты. Зардап шеккендермен спутник арқылы байланыс орнаттық. Бірақ байланыс бірде бар, бірде жоқ.

Осы категория бойынша: « ШҚО-да сәби жиырма литрлік ыдыстағы суға тұншығып қалды ҚР СІМ Қырғызстанда қазақстандықтың қаза тапқанын растады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы