367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР СІМ Қырғызстанда қазақстандықтың қаза тапқанын растады

  • 277
  • UPD: 21:07, 30.07.2018
ҚР СІМ Қырғызстанда қазақстандықтың қаза тапқанын растады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғызстандағы тас көшкіні кезінде қазақстандық азаматтың қаза тапқаны туралы деректі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мерт болған адам – Қазақстан азаматы. Тағы бір адам ауыр халде жатыр», – деді агенттіктің тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. ҚР СІМ-де мәлім еткендей, қазақстандық тікұшақ туристерді эвакуациялауға дайын, алайда күн бұлтты болғандықтан, оқиға орнына қона алмайды. «Бәлкім, ертең таңертең, бұлт сейілгенде эвакуациялауды бастайтын болармыз , – деді баспасөз қызметінің өкілі.

Еске салайық, бүгін Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан Скрябин мұздығының аумағында бір топ турист тас көшкінінің астында қалып қойған еді. Зардап шеккендердің ішінде Қазақстанның төрт азаматы бар. 

Осы категория бойынша: « Қырғызстан тауында қазақстандық туристер зардап шекті Алматы облысында 3 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы