370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында жасөспірімдер пластик бөтелкелермен суды жүзіп өтпек болған

  • 160
Павлодар облысында жасөспірімдер пластик бөтелкелермен суды жүзіп өтпек болған

31 шілде күні сағат 15.50-де құтқарушыларға кәмелеттік жасқа толмаған төрт баланың зардап шеккені туралы дабыл түскен.

12-15 жас аралығындағы жасөспірімдер пластикалық бөтелкелерді айналдырып байлап, Усолка су айдынын малтып өтуге бел буған. Ал малтуды 21 шілдеде 1980 жылғы ер азамат батып кеткен жерден бастаған.

Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

Малту жері және қарама қарсы жағалаудың ара қашықтығы шамамен 250 метрді құрайды. Жарты жолды өтіп, балалар бата бастаған. А.И. Носковтың басшылығымен Сахаров В, Аюпов К, және Султанов А. құтқарушылардың кезекші тобы шұғыл түрде оқиға орнына шығады.

Құтқарушы құралдардың «Александров шегі» және құтқару шеңберімен балаларды судан шығарып жағалауға әкелді. Төртеуінің барлығына психологиялық көмек көрсетілген. Жағалауға жеткізілген соң, әңгіме жүргізілген және жергілікті атқарушы полиция қызметкерлерімен шаралар қолданылды.

Осы категория бойынша: « Алматы облысында өрт салдарынан 2 әйел қайтыс болды Ақмола облысында жасөспірім мен әйел суға кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы