364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жасөспірім мен әйел суға кетті

  • 197
  • UPD: 15:28, 01.08.2018
Ақмола облысында жасөспірім мен әйел суға кетті volga-day.ru

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Нұра өзеніне барған жасөспірім мен әйел адам суға кетті.

Ведомствоның ақпараты бойынша, 31 шілде күні таңертең Целиноград ауданы Р. Қошқарбаев ауылынан 300 метр жерде Нұра өзенінде құтқарушылар бір күн бұрын шомылып жүріп, суға ағып кеткен 13 жасар жасөспірімнің денесін тапты. Сол күні Р. Қошқарбаев ауылынан 3 шақырым қашықтықта Нұра өзенінде  суға кеткен 32 жастағы келіншектің денесін алып шықты. Ведомствоның ақпараты бойынша, суға ағып кеткендер шомылуға арналмаған жерде шомылған. 

Ақпарат көзі: inform.kz

Осы категория бойынша: « Павлодар облысында жасөспірімдер пластик бөтелкелермен суды жүзіп өтпек болған Ақмола облысындағы кен орнында төбелес шығып, 2 адам зардап шекті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы