369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысындағы кен орнында төбелес шығып, 2 адам зардап шекті

  • 336
Ақмола облысындағы кен орнында төбелес шығып, 2 адам зардап шекті

Ақмола облысының Шортанды ауданына қарасты Жолымбет кен орнында ірі төбелес шығып, 2 адам зардап шекті.

Оқиға 27 шілде күні болған. Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінің мәліметінше, 12 жігіт Жолымбет ауылында орналасқан «Қазақалтын» акционерлік қоғамының кен орнына заңсыз кірмек болған. Ал бұған қарсылық білдірген күзетшілер мен кенішке баса көктеп кіргісі келген жігіттер арасында кикілжің болып, оның арты жаппай төбелеске ұласқан. Осы кезде күзет фирмасының көлігі қарсы тараптың адамдарын соға бастаған. Нәтижесінде, бірнеше адам ауыр жарақат алған. Олардың біреуі қазір Шортанды аудандық ауруханасында ауыр халде жатыр. Аталған іске байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Қызметтік көлігімен адамдарды қаққан күзет компаниясының өкіліне қатысты ҚР ҚК 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ сот-медициналық сараптамалары тағайындалды.

Осы категория бойынша: « Ақмола облысында жасөспірім мен әйел суға кетті Алматыдағы айналма жолдан табылған баланы әкесі таспен ұрып естен тандырып кеткен »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы