365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы айналма жолдан табылған баланы әкесі таспен ұрып естен тандырып кеткен

  • 229
  • UPD: 19:39, 01.08.2018

Алматы полицейлері қаладағы шығыс айналма жолынан табылған балаға қатысты қылмыстың бетін ашты.

Алматы қалалық ІІД хабарлауынша, 4 жасар Мухамед Аскароглыны әкесі шығыс айналма жолдың шетінде қолына түскен таспен бастан ұрып, есінен тандырып, тастап кеткен.

Бұл атышулы істің мән-жайын анықтау үшін Алматыда арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Олар видеожазбаларды мұқият тексере келіп, бұл іс бойынша куәгер қыздың «баланы қара түсті көлік қақты» деп айтқаны мен жазбаның сәйкес келіңкіремейтінін байқаған. Себебі видеода баланы әкесі Мурат Аскароглы жолдың бойында жетектеп бара жатқан болып шықты. Белгілі болғандай әкесі ұлын көзден таса жерге апарып, басынан таспен ұрғаннан кейін көшелердің бұрыш қиылысына тастап кеткен. Мұның барлығы оқиға орнын тексеру кезінде толық дәлелденді.

Қазіргі уақытта әкесі баласына қатысты бұл қылмысын толық мойындады және заң алдында жауап беруге дайын.

Сондай-ақ осы қылмыстық іс бойынша құқық қорғаушылар алдында жалған куәгерлік еткен қыз бен өзге тұлғалардың да әрекеті сарапталып, олар заң алдында жауапқа тартылады.

Аударған: Г.Абилова

Осы категория бойынша: « Ақмола облысындағы кен орнында төбелес шығып, 2 адам зардап шекті Астанада құрылысы бітпеген үй құлады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы