369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның таулы аймағында жолаушылар автобусы аударылды

  • 216
  • UPD: 13:11, 02.08.2018
ШҚО-ның таулы аймағында жолаушылар автобусы аударылды

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында жолаушылар автобусы аударылды.

Облыстық Ішкі істер департаменті мамандары жүргізуші қауіпті аумақта жылдамдықты асыра жүйткіген деген болжам жасап отыр. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісі мен 3 жолаушы зардап шекті. Қазір барлығы жергілікті ауруханада жатыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өміріне еш қауіп жоқ екенін айтты.

Азамат Раисов, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Қоғамдық көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген. Аталған факті бойынша жол полициясы қызметкерлері тергеп-тексеру амалдарын бастап, жұмыстар жүргізіп жатыр.

Осы категория бойынша: « Астанада құрылысы бітпеген үй құлады Алматыда баласын таспен ұрған әке 2 айға қамалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы