368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда баласын таспен ұрған әке 2 айға қамалды

  • 252
Алматыда баласын таспен ұрған әке 2 айға қамалды zib.com.ua

Алматыда баласын таспен ұрған әке Мұрат Асқароглы 2 айға қамалды.

Бұлтартпау шарасы туралы санкцияны Алматы ауданаралық қылмыстық соты шығарды.  «Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша ұсталған Мұрат Асқароглын сот ҚР ҚК бұлтартпау шарасы ретінде 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды», – деді баспасөз қызметінен. 

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 16 шілде күні Одесская мен Брянская көшесінің қиылысында орын алған болатын. Тұрғындар тал түбінен 4 жасар баланы тауып алған. Бала шала жансар күйінде шұғыл ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Алматы полициясы жантүршігерлік оқиғаға күдікті ретінде баланың әкесін ұстаған болатын.  Баланың әкесі Мұрат Асқароглы өзінің кінәсін мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ер адам мастықтан есеңгіреп тұрғанда, баласының қыңқыл-сыңқылын көтере алмай, таспен самайынан бір-ақ ұрған. 

Ақпарат көзі: inform.kz

Осы категория бойынша: « ШҚО-ның таулы аймағында жолаушылар автобусы аударылды Қызылорда облысында қырым қанды безгегінен 1 адам қайтыс болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы