374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талғарда туберкулезбен ауырған балалар дәрігердің кесірінен шипажайға бара алмаған

  • 289
  • UPD: 14:00, 03.08.2018

Алматы облысы Талғар ауданындағы туберкулезбен ауырған 200 бала тиісті сауықтыру шараларын ала алмай жүр.

Оған себеп жергілікті шенеуніктер өз балаларын арнайы шипажайда демалтып келген. Прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, өткен оқу жылында 114 сау бала осындай «сауықтырудан» өткен. Арнайы тексеріс барысында тағы 80-ге жуық баланың орталыққа заңсыз орналастырылғаны белгілі болды. Прокурорлар Талғар аудандық аурухананың фтизиатр дәрігері жалған анықтама беріп келгенін, ал шипажай директоры сап-сау балаларды сауықтырып отырғанын анықтады. Қазір аталған дәрігер жұмыстан босатылды. Директордың ісі бойынша «Қызметін асыра пайдалану» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Осы категория бойынша: « Қызылорда облысында қырым қанды безгегінен 1 адам қайтыс болды Қарағанды облысында тойға барған қонақтар астан ұшынды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы