367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үш облыста суға кету оқиғасы бойынша іздестіру жұмыстары жүріп жатыр

  • 189
  • UPD: 15:03, 05.08.2018
Үш облыста суға кету оқиғасы бойынша іздестіру жұмыстары жүріп жатыр bezformata.ru

Түркістан облысында құтқарушылар ата-ана қарауынсыз қалып қойып, арыққа батып кеткен 4 жасар баланы іздестіріп жатыр.

Бұл туралы ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

«Құтқарушылар Сарыағаш ауданының Ащысай ауылына қарасты «Құркелес» суармалы арығынан 2014 жылы дүниеге келген баланы іздестіріп жатыр», – делінген хабарламада. Құтқарушылардың айтуынша, 3 тамызда ата-ана қарауынсыз қалып қойған бүлдіршін абайсызда арыққа құлап кетіп, суға батып кеткен.

Бұдан бөлек, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында суға кеткен екі ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Баспасөз қызметінде мәлім еткендей, 26 жастағы жігіт балық аулау кезінде Қапшағай су қоймасына батып кеткен. Тағы бір ұқсас жағдай Айыртау ауданына қарасты Имантау ауылының «Солнечный VIP» демалыс орнында болған. 55 жастағы ер адам Имантау көлінде шомылып жатып, суға батып кеткен.

Сондай-ақ Павлодарда Усолка көлінде шомылып жүріп, жағаға өз бетінше жүзіп жете алмаған екі жасөспірім құтқарылды. Оларға оқиға орнында психологиялық көмек көрсетілді.  

Ақпарат көзі: inform.kz

Осы категория бойынша: « Астанада Mercedes пен КамАЗ-дың соқтығысуынан 1 адам қаза тапты Ыстықкөлде қазақстандық жүрек талмасынан қайтыс болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы