370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында 34 жастағы әйел суға кетті

  • 134
  • UPD: 12:25, 06.08.2018
Павлодар облысында 34 жастағы әйел суға кетті

Павлодар облысында Ақтоғай ауданы Әбжан ауылында 34 жастағы әйел суға батып кетті.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайты хабарлайды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің  мәліметінше, оқиға 5 тамыз күні болған.

«Ертіс өзенінің тармағында сағат 16.45-те 1984 жылы туған әйел суға батып кеткен», - деді баспасөз қызметінде. Әйелдің денесін жергілікті тұрғындар сағат 18.05-те судан алып шыққан.

Оқиға шомылуға орнатылмаған жерде болған. Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жазғы маусымда су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтап, шомылуға рұқсат етілген жерлерде ғана демалуды сұрайды.

Осы категория бойынша: « Ыстықкөлде қазақстандық жүрек талмасынан қайтыс болды Қостанай облысында әйел адам көлікте өртеніп кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы