374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда теңізге кете жаздаған 3 адам құтқарылды

  • 158
  • UPD: 15:11, 06.08.2018
Ақтауда теңізге кете жаздаған 3 адам құтқарылды

Ақтауда су ағыны үш ер адамды ашық теңізге қарай әкетіп, олар жағаға өз бетінше жете алмай қалған.

Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, lada.kz хабарлайды.

4 тамыз күні үш ер адам пластмасс тақтамен теңізге шығып, өз беттерінше жағаға қайта алмай қалған. Оқиға жөнінде 17.45-те хабарлама келіп түскен. «Бұл жағдай теңізде болған. Құтқарушылар 17:58-де оқиға орнына барып, олардың жағаға шығуына көмектесті», - деді жедел құтқару жасағының өкілі.

Ақпарат көзі: inform.kz

Осы категория бойынша: « Астанада астыртын казино анықталды Алматы тауларында 8 адам құтқарылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы