369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысындағы өрттен орман қорықшысы көз жұмды

  • 218
  • UPD: 14:41, 07.08.2018
Жамбыл облысындағы өрттен орман қорықшысы көз жұмды 365Info

Жамбыл облысында екі күннен бері маздап жатқан өрт толық сөндірілген жоқ. Бұған Ақыртас ауылдық округіндегі құрғақ шөптің тұтануы себеп болған.

Қызыл жалынды ауыздықтауға 80-ге жуық адам мен 10 техника жұмылдырылған. Арасында ерікті өртсөндірушілер де бар. Өкініштісі тілсіз жауды сөндіру кезінде қайғылы жағдай орын алды. Ақыртөбе орман шаруашылығының орманшы қорықшысы Асылбек Алтаев есімді 46 жастағы азамат тау шыңынан құлап, оқиға орнында қайтыс болған. Бұл мәліметті Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме директоры Жандар Мұздыбаев растады.

Жандар Мұздыбаев, Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме директоры:

-Тау бөктерінде өрт шыққан, Қырғызстанмен шекаралас жерде өртті өшіріп жатқан уақытта жартастан аяғы тайып құлап, қайтыс болды. «Өрт әлі болып жатыр» деген ақпарат бар. Біз өртті сөндіріп жатқан жағдайда да осындай оқиға болды ғой, өртті толық сөндіріп болған соң қанша гектар өртенгенін анықтаймыз.

Осы категория бойынша: « Алматы тауларында 8 адам құтқарылды Шымкентте тойға барған 11 адам астан уланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы