374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәрігерлер Қостанай облысындағы аман қалған жұмысшының жағдайы туралы айтты

  • 139
  • UPD: 20:12, 08.08.2018

Қостанай облысында төрт жұмысшы оқыста көз жұмды. Қайғылы жағдайдың бірі Амангелді ауданында болған.

Жалдамалы жұмысшы қазылған ордың ішінде құбыр тартып жатқанда үстіне топырақ құлап, басып қалған. Өкінішке қарай оны құтқарып қала алмады. Ал Алтынсарин ауданында бір мезетте үш адам мерт болды. Шоқай ауылында су мұнарасын жөндеп жатқан «Теміржолсу Қостанай» мекемесінің жұмысшылары техникалық құдыққа түсіп кеткен. Олардың үшеуі тіл тартпай кеткен. Шалажансар күйдегі тағы бір отыз жастағы ер адам Қостанай қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

Игорь Войтов, қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары:

-Алғаш келіп түскенде жағдайы өте ауыр болды. Есінен танып қалған, өз-өзіне келе алмады. Тиісті медициналық жәрдем көрсетілгесін едәуір жақсарды. Егер денсаулығында ауытқу білінбесе, ертең оны жалпы бөлімге ауыстырамыз.

Бахытжан Мәкеев, облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары:

-Алдын ала болжам бойынша олар газдан уланған болуы мүмкін. Осы апатты оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Тексеру жүріп жатыр. Қайғылы оқиғаға не себеп болғанын комиссия анықтайды.

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында газдан уланған үш жұмысшы қаза тапты Жамбыл облысында шенеунік 50 мың доллар аламын деп 2 млн теңгемен ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы