374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда 6 жасар қыз бала бесінші қабаттан құлады

  • 194
  • UPD: 15:10, 09.08.2018

Таразда жазатайым оқиға болды. 6 жасар қыз көп қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатының балконынан құлап кеткен.

Өкініштісі, жедел жәрдем көлігі дер кезінде жетіп, ақ халаттылар бүлдіршіннің өмірі үшін бір жарым сағат арпалысқанымен, оны аман алып қала алмады. Оқиға 8 тамыз күні кешкі сағат сегіз жарымда Самал ықшам ауданында болған. Ата-анасының қарауынсыз қалған қыз «балконнан төмен қараймын» деп, құлап түскен. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, өңірде балалардың абайсызда көпқабатты үйлердің терезесінен құлауы бойынша биыл бес дерек тіркелген.

Азат Сатжанов, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Баланың жағдайы түскен кезде күрт ауыр жағдайда, терминалыд жағдайда түскен, балаға бүкіл реанимациялық іс-шаралар жасалынған болатын балада көптеген бас, ми жарақаттары, балада ішкі ағзалардың қан кетуі байқалынды, балада сондай көп жарақаттардың салдарынан бала көз жұмды.

Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында шенеунік 50 мың доллар аламын деп 2 млн теңгемен ұсталды Өскеменде шағын дәмхана өртеніп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы