374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Полицей Александр Винокуровты жалған есірткі ісіне қатысты қылып қойған

  • 156
  • UPD: 18:29, 11.08.2018

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары есірткі бизнесіне қатысты қылмыстық істе жалған құжаттар қолданып келген.

Мұндай заңбұзушылықтарды арнайы тексеріс барысында прокуратура қызметкерлері анықтады. Полицейлер күрделі істе өмірде жоқ адамдардың аты-жөндерін ойдан құрастырған. Бір қызығы, кейбір істе Александр Винокуров деген атау да бар. Осы фактіге қатысты облыстық ішкі істер департаментінің мамандары біздің тілшілерімізге сұхбат берді. Олардың айтуынша, әйгілі велошабандозбен аттас 61 жастағы күдіктінің қылмысқа қатысы бар екені расталып отыр. Жалпы прокуратура есірткі бизнесіне қатысты 35 жалған істі әшкерелеген.

Нұрбек Баекин, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

- Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тергеу жүргізіліп, оның барысында көрсеткіштерді өсіру мақсатымен фактілерді бұрмалау қатыстылығы бар қызметкерлер анықталды. Бүгінгі таңда облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловтың бұйрығымен екі қызметкер Ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылды.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында жүк пойыздары соқтығысты Астанада көлік багажынан ер адамның мәйіті табылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы