365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда атыс шығарған ер адам ұсталды

  • 194
  • UPD: 15:49, 13.08.2018

Талдықорғандағы ойын-сауық орталықтарының бірінде оқ атқан күдікті ұсталды.

Бұл туралы Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, оқиға өткен аптада жұмадан сенбіге қараған түні болған. Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ. Осыған байланысты Алматы облысы әкімдігі Талдықорғандағы ықшам аудандарда орналасқан көңіл көтеру орындарының жұмыс кестесін қайта қарастырмақ ниетте.

Серік Әбішев, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:

- Қабылданған шаралардың нәтижесінде 21 жастағы азамат ұсталды. Күдіктіден травматикалық тапанша тәркіленді. Қазіргі таңда қажетті сараптамаларға жіберілді. Қамауға алынған күдіктіні бұлтартпау шаралары шешілуде.

Осы категория бойынша: « Қостанай облысының тұрғыны дәретханада туып, шақалақты шелекке салып кеткен Астанада көлік жүргізушісі теміржол вокзалындағы паркинг қоршауын қиратты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы