369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада көлік жүргізушісі теміржол вокзалындағы паркинг қоршауын қиратты

  • 155
  • UPD: 12:48, 13.08.2018
Астанада көлік жүргізушісі теміржол вокзалындағы паркинг қоршауын қиратты

BMW жүргізушісі «Нұрлы жол» теміржол вокзалындағы автотұрақтың қоршауын қиратты.

Бұл туралы Астананың ІІД өкілдеріне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды. Оқиға 12 тамызда сағат кешкі 19.40-та болған. «Көлік жүргізушісі «Нұрлы жол» теміржол вокзалының тұрағында көлік тізгініне ие бола алмай, жол қауіпсіздік ережесін бұзып, автотұрақтың қоршауы мен эскалаторына барып соғылған», - деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметінің өкілі.

Жол-көлік оқиғасынан, абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. «Нұрлы жол» вокзалында болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Яғни «Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзды» делінген бап бойынша іс қарастырылатын болады», - деді полиция қызметкерлері. Көлік коммуналдық айыппұл автотұрағына қойылды.

Осы категория бойынша: « Талдықорғанда атыс шығарған ер адам ұсталды Түркістан облысында автобус жүк көлігімен соқтығысып, бір адам көз жұмды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы