368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдық бала бір аптаның ішінде үшінші мәрте бөтен көлікті айдап кетті

  • 526
  • UPD: 20:33, 13.08.2018

Оралда бір аптаның ішінде үшінші мәрте бөтеннің көлігін айдап кеткен 8 жастағы мектеп оқушысы полицияның қолына түсті.

Бұл жолы оның «таңдауы» Hyundai маркалы автокөлікке түскен. Алайда алысқа ұзай алмай, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол бойындағы бетондарға соғылған. Оқиға болған жерде полицияның арнайы мамандары жұмыс істеді. Бала зардап шекпеген, қазір оқиғаның себептері мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, ол тамыздың 6-сы күні «Suzuki» джипін мініп кетіп, «Лада Гранта» жеңіл көлігіне соқтығысқан еді. Үш күннен кейін тап осындай жағдай тағы қайталанды. Бұл жолы Toyota-ны тақымдап кеткен тентек көпір тіреуіне түйісіп тоқтаған. Шағын автобусқа айтарлықтай зақым келгенімен, ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұл оқиға 9 тамыз күні кешкі мезгілде болды. Баланың айтуынша, мұндай қадамға оны ересек достары итермелепті. БҚО ІІД жергілікті полиция бастығының орынбасары Кенжебек Құспаевтың айтуынша, аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалған. Процессуалды шешім алынғаннан кейін ата-анасына әкімшілік шара қолданылады. Сонымен бірге көлікті айдап кетуді әдетке айналдырған балаға психиатриялық сараптама тағайындалмақ. Бала бұрын кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның тізімінде болмаған, ата-анасы бар, отбасылық жағдайы жақсы.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Осы категория бойынша: « Түркістан облысында автобус жүк көлігімен соқтығысып, бір адам көз жұмды Астаналық полицейлер есірткі диллерін ұстады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы