365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында бір отбасынан 3 адамды өлтірген қылмыскер ұсталды

  • 316
  • UPD: 19:48, 16.08.2018

Шу ауданында қандықол қылмыскер ноутбук, ұялы телефон мен ақша үшін отбасының үш бірдей мүшесін өлтіріп кетті.

Бұл жағдай 14 тамыз күні Шу ауданы, Далақайнар ауылынан 12 шақырым жердегі «Үш қызыл» таулы учаскесіндегі шаруа қожалығында болған. 48 жастағы шаруа қожалығы басшысының денесі ауладан, 17 жастағы қызыныкі үй ішінен, ал 16-дағы ұлының денесі үйден 150 метр жердегі бұталардың арасынан табылған. Алдын ала болжам бойынша бұл қылмысты пайдакүнемдік ниетпен осы шаруашылықтың 42 жастағы жұмысшысы жасаған. Қазір күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Оны ұстаған кезде жәбірленушілердің мотоциклі, ноутбугі, ұялы телефондары мен ақшасы алынды. Ол өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімі 1,14-тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде аялдама астында қалған әйел екі ай ауруханада емделеді Ақтауда жол апатынан 4 адам жараланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы