365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да 200 гектар далалы алқап өртеніп кетті

  • 176
  • UPD: 12:08, 17.08.2018
ШҚО-да 200 гектар далалы алқап өртеніп кетті radio7.kz

Алдымен шалғайдағы Күршім ауданында 100 гектар далалы алқап өртенді.

Тілсіз жау кеше түс мезгілінде Құйған ауылдық округіндегі Қырыққұдық учаскесінің маңынан шыққан. Өртті сөндіруге 8 құтқарушы мен сол маңдағы ауыл тұрғындары бірлесе атсалысты. Тек бүгін таңертең ғана қызыл жалынның беті қайтарылды. Дегенмен өрт сөндірушілер әлі де сол жерде жұмыс жасауда. Семейде де бүгін дала өрті тоқтатылды. Ол жақта Ертіс ауылдық округі маңындағы Чекоман ауылынан 5 шақырым жерде тағы да 100 гектар аумақ өртке оранған.

Авторы: Эльмира Ахметова

Осы категория бойынша: « Шу ауданының тұрғыны марихуанамен ұсталды Астанада пара алған офицер ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы