368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда автокөлік аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

  • 177
  • UPD: 16:21, 20.08.2018
Оралда автокөлік аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан топ ұсталды nashchelyabinsk.ru

Оралда қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері автокөліктердің аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан топты қолға түсірді.

4 адамнан тұратын қылмыстық топ өз құрбандарын тек түнгі мезгілде торуылдап келген. Шұғыл алдын алу шараларының барысында олардың 5 бірдей автокөлікті тонағаны анықталды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал ұрланған аккумуляторлар иелеріне қайтарылды.

Жыл басынан бері түсті металдарды заңсыз қабылдайтын орындардың қызметіне тосқауыл қоюға байланысты жүргізілген тексерістер нәтижесінде 26 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мұндай орындардың түсті металдармен қатар бұрын қолданыста болған аккумуляторларды да қабылдап келгені анықталып отыр. БҚО ІІД жергілікті полиция бастығы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, жүргізілген алдын алу іс-шараларының нәтижесінде жыл басынан бері қоғамдық орындарда болатын қылмыстық оқиғалар 10,8%-ға азайған. Сонымен қатар түнгі патрульдік жасақтың жұмыс уақытына өзгерістер енгізіліп, қаладағы қылмыс ең тіркелетін аймақтарды анықтау бағытында да кешенді жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Осы категория бойынша: « ШҚО-да газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты Степногорскта 21 жастағы сарбаз өз қаруынан атылған оқтан мерт болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы