367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында полицейлер 300 келіге жуық бекіре тәркіледі

  • 310
  • UPD: 07:47, 21.08.2018

Маңғыстаулық полицейлер 300 келіге жуық бекіре балығын тәркіледі. Ақтау-Форт Шевченко тас жолында өткен рейд кезінде үш автокөлік тоқтатылады.

Бірінің жүк салғыш қорабынан 240 келі бекіре табылған. Қалған екі көліктен бірнеше келі аУлауға тыйым салынған балық анықталып отыр. Қазір үш бірдей қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп немесе 3 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Алдаберген Бекқали, облыстық ІІД ЖПҚ бөлім басшысы:

- Қолға түскен күдіктілердің Маңғыстау облысының тұрғындары екені анықталды. Айтуларынша, бекірені тамаққа пайдалану үшін аулаған. Алайда, бұл жауабымен әкімшілік жауапкершіліктен жалтара алмайды. Арнайы құжатсыз балық тасуға заңмен тыйым салынған.

Осы категория бойынша: « Таразда полицейлер түнгі рейд жүргізді Семей маңында 80 гектар жер өртеніп кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы