365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семей маңында 80 гектар жер өртеніп кетті

  • 212
  • UPD: 12:41, 22.08.2018
Семей маңында 80 гектар жер өртеніп кетті Today.kz

Кеше таңертең Семей қаласының өрт сөндіру бөліміне қала маңындағы Знаменка ауылдық округіне қарасты жерде дала өрті болып жатқаны туралы хабар жеткен.

Өрт сөндіру жұмыстарына 3 автоцистерна мен 10 адам бағытталды. Бұған қоса, ауыл тұрғындары да атсалысып, 4 сағат дегенде қызыл жалынның беті қайтарылды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Осы категория бойынша: « Маңғыстау облысында полицейлер 300 келіге жуық бекіре тәркіледі Семейде қаланың қақ ортасында көлік аударылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы