365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде қаланың қақ ортасында көлік аударылды

  • 219
  • UPD: 14:55, 22.08.2018

Семейде қаланың қақ ортасында жеңіл автокөлік аударылды.

Жол апаты Шайжүнісов және Мәңгілік ел көшелері қиылысында болған. Негізгі жолмен келе жатқан «Фольксваген» автокөлігін қосымша жолдан шыға келген «Тойота» көлігі соғып, салдарынан қарсы бағытқа шығып аударылған.

Абырой болғанда, адамдар дін аман. Көліктердің салонында жүргізушілер ғана болған, көшені қиып өтіп бара жатқан жүргіншілер де кезікпеген. Бұл маңайда салық басқармасы, банктер, қонақ үй және жоғарғы оқу орны орналасқандықтан қозғалыс өте белсенді. Жол-көлік оқиғасына қиылысқа тұрақтаған автокөліктердің де себепші болуы әбден мүмкін. Қазір жол-патрульдік полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Осы категория бойынша: « Семей маңында 80 гектар жер өртеніп кетті Өрт сөндірушілер ашық балконда тұрған сәбиді құтқарып қалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы