369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өрт сөндірушілер ашық балконда тұрған сәбиді құтқарып қалды

  • 241
  • UPD: 15:54, 22.08.2018
Өрт сөндірушілер ашық балконда тұрған сәбиді құтқарып қалды фото: caravan.kz

Павлодар облысы Ақсу қаласында өрт сөндірушілер үшінші қабат балконынан құлағалы тұрған сәбиді құтқарды.

Қаланың №11 өрт сөндіру бөлімшесіне хабар келіп түсе салысымен, 5 адамнан құралған жасақ жедел түрде баланы құтқаруға аттанды.

Ашық балконда кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін сәбиді  өрт сөндірушілер небәрі бірнеше минут ішінде құтқарды. Қорқып қалған сәбиді жұбатып, кәмелетке толмағандармен жұмыс бөлімінің инспекторына тапсырды. Пәтерде баладан басқа ешкім болмаған.

Бұл ересек адамдардың өз балаларының өміріне жауапсыз қарайтындықтарын көрсететін кезекті жазатайым жағдай.

Осы категория бойынша: « Семейде қаланың қақ ортасында көлік аударылды Семейде екіқабатты тұрғын үй өртенді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы