365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде екіқабатты тұрғын үй өртенді

  • 209
  • UPD: 11:38, 23.08.2018
Семейде екіқабатты тұрғын үй өртенді

Кеше кешкісін Семей қаласында ірі өрт оқиғасы болды.

Қызыл жалын Әуезов даңғылының бойындағы екіқабатты тұрғын үйдің адам тұрмайтын бөлігінде тұтанған. Бірнеше минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бір сағаттың ішінде тілсіз жаудың бетін қайтарған. Абырой болғанда адамдар аман. Өртті сөндіруге 8 техника мен жеке құрамнан 32 адам жұмылдырылды. Барлығы 375 шаршы метр жанып кетті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлап отыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Осы категория бойынша: « Өрт сөндірушілер ашық балконда тұрған сәбиді құтқарып қалды Қарағанды-Балқаш тас жолында көлік апатынан 2 жасөспірім қаза тапты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы