365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанаға Жамбыл облысынан әкелінген қарбыздан зиянды жәндік табылды

  • 223
  • UPD: 17:56, 24.08.2018

Астанада 150 келі қарбыздан қауын шыбыны анықталды. Бұзылған өнім Жамбыл облысынан келген.

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар  дақылды елордадағы «Алаш» сауда базарынан тәркілеп, бүгін соттың шешімімен жою жұмыстарын жүргізді. Бұзылған өнімді міндетті түрде көму керек екен. Сондықтан қарбыздар арнайы қоқыс төгу полигонында жойылды. Қазір аталған мәселе бойынша әкімшілік іс қозғалып, өнім иесіне 48 мың теңге айыппұл салынды. Жалпы биылғы маусымда қауын шыбыны алғаш рет анықталып отыр. Бұл жәндік қауын-қарбыздан бөлек қияр, асқабақ тұқымдарын да зақымдайды.

«Өнімді сатып аларда сыртқы қабығына көңіл аудару керек. Қауын шыбыны түскен дақылда қызыл-қоңыр белгілер пайда болады», - дейді сала мамандары.  

Сымбат Қалиасқаров, Астана қаласы бойынша аумақтық инспекция басшысының орынбасары:

- Бұл адамға зияны жоқ. Алайда өздеріңіз көргендей жеуге келмейді. Ол бүлдіріп жібереді. Бұл карантиндік объект алқаптарда тараған жағдайда 20-20 пайыздан жоғарыға дейін өнімді жоғалтады. Жаппай таралған кезде залалдану 50-100 пайызды құрайды. Облыс аралық тасымалдау болсын, импорттық болсын, карантинге жатқызылған өнімдер міндетті түрде тиісті карантиндік сертификатпен немесе фитосанитарлық сертификатпен тасымалдау қажет. Бұл сертификат берілген болса, бұл өнім карантиндік объектілерден таза және фитосанитарлық талаптарға сәйкес келеді деген сөз.

Осы категория бойынша: « Қарағанды-Балқаш тас жолында көлік апатынан 2 жасөспірім қаза тапты ШҚО-дағы кен орнында оқыс оқиға болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы