374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері ұсталды

  • 242
  • UPD: 17:38, 25.08.2018
Алматы облысында мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері ұсталды

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлық қызметі және Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің жедел іздестіру қызметі басқармасының офицерінің алаяқтығы әшкереленді.

Офицер делдал арқылы ЖШС бас бухгалтерінен оның өндірісінде болмаған бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі қысқарту сылтауымен 1,5 млн теңге ақша қаражатын алдау және сенімге кіру арқылы алғаны үшін күдікті болып отыр.

Күдікті өз кінәсін толық мойындауына байланысты қамауға алынған жоқ.

Осы категория бойынша: « СҚО-да соңғы үш тәулікте 41 жүргізуші мас күйінде ұсталды Алматы маңындағы тауда Испания туристері құтқарылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы