374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда ірі жол апатынан Мәдениет басқармасының басшысы мен отбасы көз жұмды

  • 313
  • UPD: 13:27, 27.08.2018

Павлодар-Семей тас жолында болған ірі жол апатынан Павлодар облысы мәдениет басқармасының басшысы және оның отбасы қаза тапты.

Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы бүгін түнде Ақкөл ауданы Черное ауылынан бір шақырым жерде болды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша облыстың мәдениет басқармасы басшысы тізгіндеген BMW көлігі НОWО жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 35 жастағы жүргізуші, оның 1982 жылы туған жұбайы және 2015 жылы туған баласы және 1965 жылғы әйел адам оқиға орнында көз жұмды. 57 жастағы ер адам мен 27 жастағы қыз дене жарақаттарымен Ақкөл ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Полиция департаментінің мәліметі бойынша НОWО көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ардақ Райымбеков кезекті еңбек демалысында болған.

Осы категория бойынша: « Алматы маңындағы тауда Испания туристері құтқарылды Семейде 18 жастағы жігіт суға батып кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы