368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда қойма өртенді

  • 160
  • UPD: 23:35, 27.08.2018
Алматыда қойма өртенді BNews.kz

Алматыда өрт сөндірушілері алапат өртті сөндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

Осыған дейін Бекмаханов көшесіндегі ангар типтес қойманың өртенгені жайлы хабарланған еді. «Бірінші өрт сөндірушілер оқиға орнына 20:03-те келген. Өрт сөндірушілер келген уақытта ангар толықтай өртке оранған. Өрт сөндіру кезінде үш газ балоны қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндіруге «Алматы су» және «Алматы Тазалық» мекемелерінің көліктеру тартылды», – деді Баймұхамбетова. 

Өрт сөндіруші мамандары өрттің көрші ангарларға көшуіне жол бермеді. Өрт 20:30-да ауыздықталып, 20:54-те толығымен сөндірілді. Өрт аумағы – 280 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Осы категория бойынша: « ШҚО-да құтқарушылар мен дәрігерлер жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды Омбы-Майқапшағай тас жолында КамАЗ көлігі 11 сиырды басып кетті (видео) »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы