374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Омбы-Майқапшағай тас жолында КамАЗ көлігі 11 сиырды басып кетті (видео)

  • 177
  • UPD: 14:53, 28.08.2018

Кашыр ауданы Қызылтаң ауылының жанынан өтетін Омбы-Майқапшағай тас жолының 335-шақырымында КамАЗ көлігі сиырларды басып кетті.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды. Instagram қолданушылары @tipavlo парақшасында болған оқиғаның видеосын жариялады. ІІД-нің баспасөз қызметінде оқиғаны былай деп түсіндірді.

«Бақташы малды арнайы белгіленген жерде айдаған. Десе де, КамАЗ жүргізушісі 11 сиырды басып үлгерген. Мал Қызылтаң аулының тұрғындарына тиесілі. Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 610-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс ашылды».

Осы категория бойынша: « Алматыда қойма өртенді Астанада заңсыз жұмыс істеген казино жабылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы