364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада заңсыз жұмыс істеген казино жабылды

  • 152
  • UPD: 16:38, 28.08.2018
Астанада заңсыз жұмыс істеген казино жабылды кадр видеодан алынды

Астанада астыртын казино ашқан күдіктілер ұсталды.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Астаналық Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің мәліметінше, 2018 жылы 15 маусымда «Қыран» арнайы жасағының қызметкерлерімен бірге Абылай хан даңғылының бойында орналасқан астыртын казиноның жұмысы тоқтатылды.

«Ұйымдастырушылар мен покер ойыншылары ұсталды. Азамат А. табыс көзін көбейту мақсатында покер ойынын ұйымдастырған, онда 13 адам ойнап отырған. Іс материалдары сотқа жіберілді», - деді МКМ ЭТҚ офицері Қайрат Ысқақов.

Осы категория бойынша: « Омбы-Майқапшағай тас жолында КамАЗ көлігі 11 сиырды басып кетті (видео) Шығыс Қазақстанда бұрғылаушы жұмыс орнында көз жұмды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы