364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс Қазақстанда бұрғылаушы жұмыс орнында көз жұмды

  • 169
  • UPD: 17:47, 28.08.2018
Шығыс Қазақстанда бұрғылаушы жұмыс орнында көз жұмды Otyrar.kz

Кеше кешкісін сағат 21:00 шамасында «Шығыстүстімет» ЖШС Орлов өндірістік кешені Орлов шахтасының шпур бұрғылаушысы жұмыс кезінде есінен танып қалды.

Қызметкерді Жезкент ауылдық ауруханасына жеткізгенде дәрігерлер оның қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл туралы «KAZ Minerals Тобы» компаниясының баспасөз қызметі ресми ақпарат таратып отыр. «Жұмыс орнында денсаулығының күрт нашарлауы салдарынан қызметкердің қайтыс болуына байланысты оқиғаның мән-жайы анықталуда, қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. «KAZ Minerals Тобының» басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Осы категория бойынша: « Астанада заңсыз жұмыс істеген казино жабылды Қапшағайда кәріз жүйесін тазалау үшін құдыққа түскен 3 адам қайтыс болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы