368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қапшағайда кәріз жүйесін тазалау үшін құдыққа түскен 3 адам қайтыс болды

  • 192
  • UPD: 21:18, 28.08.2018
Қапшағайда кәріз жүйесін тазалау үшін құдыққа түскен 3 адам қайтыс болды

Қапшағай қаласының оныншы кәріз станциясында жоспарлы тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан 3 жұмысшы көз жұмды.

Қаза тапқандар 1964, 1965 және 1967 жылы туған азаматтар болып шықты.

«28 тамыз сағат  11:49-да Алматы облыстық ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай қалалық кәріз станциясының аумағында құдықты тазарту жұмысы барысында 3 адам қаза тапты деген ақпарат түскен. Болжам бойынша жұмысшылар  метан газының буына уланған болуы мүмкін. Қаза тапқандардың мәйітін құдықтан ТЖД қызметкерлері шығарып алған», - деп хабарлайды Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның жәй-жапсары тексеріліп жатыр.

Осы категория бойынша: « Шығыс Қазақстанда бұрғылаушы жұмыс орнында көз жұмды Семейде тағы бір адам суға батты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы