369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да өрт кезінде 50 жастағы азамат қаза тапты

  • 174
  • UPD: 14:32, 29.08.2018
ШҚО-да өрт кезінде 50 жастағы азамат қаза тапты SN.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласы маңында тілсіз жау бір адамның өмірін қиды.

Өрт Совхоз ықшам ауданындағы уақытша тұруға арналған баспанадан шыққан. Лаулаған жалынды ең алдымен куәгерлер байқап құтқарушыларға хабарлапты. Өрт сөндірушілер жеткенше баспана толықтай жанып кеткен. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ол жерден 1968 жылы туған азаматтың денесін алып шықты. 15 шаршы метр аумаққа жайылған өрт толықтай тек 40 минуттан соң сөндірілді.

Осы категория бойынша: « ШҚО-да топырақ астында қалған машинистің қай аумақта болуы мүмкін екендігі анықталды Алматыда жол апатынан жүкті әйел мен бала зардап шекті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы