369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте газ құбыры жарылды

  • 217
  • UPD: 18:15, 30.08.2018
Дəурен Дүйсебаев

Шымкентте 30 тамыз күні сағат 16:30-да шамасында Лесхоз аталып кеткен жердегі жолдың бойында газ құбыры жарылды.

Бұл туралы оқиға куə болған қала тұрғыны азамат Дəурен Дүйсебаев хабарлады. Ол  дереу өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Өрт сөндіру және басқа да қызмет көрсетушілер көп ұзамай оқиға орнына келген. Куəгердің айтуынша, үлкен қысымдағы газдың күші соншалықты, өрттің биіктігі шамамен 10-15 метрге дейін көтерілген. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері екі жақтама жолды жапқан. Біздің арна тілшілері қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып, мəн-жайды сұрады. Төтеншеліктер бұл болған жайтты растады. Қазір газ құбырынан ақау болған өрт шыққан аймақта тексеру жұмыстары жүруде. Департаменттің баспасөз қызметі алдағы уақытта өрттің себеп салдарын анықтап, толыққанды ақпарат ұсынатын болады.

Авторы: Нұрбек Байбосын

Осы категория бойынша: « Астанадағы «Қазақстан» спорт кешені өртенді Таулы Алтайда жол апатына ұшыраған қазақстандық Алматыға жеткізілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы