367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таулы Алтайда жол апатына ұшыраған қазақстандық Алматыға жеткізілді

  • 343
Таулы Алтайда жол апатына ұшыраған қазақстандық Алматыға жеткізілді vsezavisimosti.ru

Жол апатына ұшыраған Қазақстан азаматы Хасен Білімбай Алматыдағы №4 қалалық ауруханаға жеткізілді.

«2018 жылғы 30 тамыз күні сағат 18:23-те ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігінің жедел шараларының нәтижесінде, санитариялық авиация науқасты Алматының №4 қалалық ауруханасына жеткізді. Ұшу кезінде науқастың жағдайын медицина мамандары: ҚР санитариялық авиациясының көшпелі бригадасы және Алматының №4 қалалық ауруханасының дәрігер-травматологы бақылап отырды. Қазір оның жағдайы тұрақты», - делінген хабарламада. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, қазір науқасты Алматы ауруханасының дәрігерлері қарап жатыр.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы 23 тамыз күні 1943 жылы туған Қазақстан азаматы Ресейдің Алтай өлкесінде Чике-Таман асуында жол апатында зардап шегін, ауыр халде Таулы Алтай қаласы республикалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген болатын. Сол жерде науқас комаға түскен. Кейіннен есін жинап, сөйлей бастаған. «Ресейлік мамандардың қорытындысына сәйкес, зардап шегуші ауыр жарақаттар алған, соған байланысты медицина қызметкерлерінің қадағалауымен санитариялық авиация арқылы жеткізілуі тиіс болған», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.

Ақпарат көзі: inform.kz

Осы категория бойынша: « Шымкентте газ құбыры жарылды Атырау облысында балық аулаған браконьерлер қолға түсті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы