367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадан Павлодарға бағытталған пойызда жолаушы қайтыс болды

  • 245
Астанадан Павлодарға бағытталған пойызда жолаушы қайтыс болды

Астана-Павлодар бағытына қатынайтын пойызда жолаушы қайтыс болды.

«Біз отбасымызбен көрші вагонда болғанбыз. Павлодарға дейін жиырма минуттық жер қалған, кенеттен пойыздың қызметкерлері дыбыстық хабарлама жіберіп, арамызда дәрігер болса көрші вагонға өтуін сұрады. Содан кейін ол вагонға бір әйелдің беттегенін көрдім. Қызметкерлер жүгіріп кетті. Біреудің жағдайының қиындағаны түсінікті болды. Пойыздан шыққан соң жедел жәрдем көлігі мен дәрігерлерді көрдік, сөйтсек, бір жолаушы қайтыс болыпты», – деді куәгерлердің бірі. Жолаушының қаза болғандығы жайлы ақпаратты Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Қаза тапқан жолаушы – Павлодар қаласының тұрғыны.

Осы категория бойынша: « Астанада лифт кабинасындағы мониторды сындырған күдікті ұсталды Астанада «Газель» көлігі тоннельдің төбесіне соқтығысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы