367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысындағы ірі жол апатынан екі адам көз жұмған

  • 187
  • UPD: 17:48, 03.09.2018
Қарағанды облысындағы ірі жол апатынан екі адам көз жұмған

Бүгін Қарағанды облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды.

Қарағанды-Теміртау тас жолында 4 көлік: жол талғамайтын көлік, екі кроссовер және газель соқтығысты.

«Оқиға салдарынан барлығы 6 адам зардап шеккен. Екеуі оқиға орнында көз жұмған. Бір зардап шеккен адам Теміртаудағы ауруханаға жеткізіліп, оған операция жасалды. Тағы үшеуі облыстық травматология орталығына жеткізілді. Барлық жарақаттанғандар дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Жантүршігерлік жол апатының себеп-салдары анықталып жатыр.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында 4 көлік соқтығысқан жантүршігерлік жол апаты болды Өскеменде букмекерлік кеңсе кассиріне қарақшылық шабуыл жасалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы