369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облыстық МКД басшысы 2 айға тергеу абақтысына қамалды

  • 145
  • UPD: 21:38, 03.09.2018
Павлодар облыстық МКД басшысы 2 айға тергеу абақтысына қамалды

Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ернұр Байғұрманов сот санкциясымен екі ай мерзімге тергеу изоляторына қамалды.

Ол 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.  Белгілі болғандай шенеунікпен бірге екі әріптесі де ұсталған. Олар Екібастұздағы банк пен бірқатар коммерциялық ұйымдар мен көмір өндіретін кәсіпорын кіретін «Заман» тобының жетекшісі Тасболат Абғожиновтың өтініші арқылы Ұлттық бюро өкілдерінің назарына түскен. Тергеу сотында болған күдікті өз кінәсін мойындамады. Адвокаттары Ернұр Байғұрмановтың кәмелет жасқа толмаған балалары мен кепілге қоятын мүліктің барын алға тартып, тергеу кезінде қамауға алмауды талап етті. Алайда олардың өтініші сот тарапынан қолдау таппады.

Балтабай Дүнбекбаев, мамандандырылған тергеу соты төрағасының міндетін атқарушы:

- Байғұрмановты қамауға алуға жеткілікті дәлелдер келтірілді.  Жеңіл шара  қолдану мүмкіндігі жоқ. Ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты өте ауыр қылмыс жасады деп күдікті болып отыр. Бұл қылмыс түріне 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаментін басқарып келген күдікті тергеу амалдарына кедергі жасап, осы іс бойынша тергелетін қызмекерлерге қысым көрсетуі мүмкін. Сондықтан сот екі айға қамау жөнінде санкция берді.

Осы категория бойынша: « Өскеменде букмекерлік кеңсе кассиріне қарақшылық шабуыл жасалды Оралда үш жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы