374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда жаппай төбелестен 23 жастағы жігіт көз жұмды

  • 308
  • UPD: 18:07, 04.09.2018
Таразда жаппай төбелестен 23 жастағы жігіт көз жұмды

Таразда жаппай төбелес болып, бір адам қайтыс болды.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға Қазыбек би көшесіндегі кафелердің бірінде болған. Қақтығыс салдарынан 23 жастағы қала тұрғыны ауыр жараланып, ауруханада көз жұмды. Қатты соққыдан оның бас миы зақымданып, миына қан кеткен. Жастардың жаппай төбелесі сол маңайдағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жергілікті ішкі істер департаменті тергеу шаралары жүріп жатқандықтан бейне түсірілімді бермеді. Бұзақылар жедел іздестіріліп, 21-22 жас шамасындағы үш азамат ұсталды. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Осы категория бойынша: « Астанада үш ай ішінде 5 ана көз жұмған Ақтөбеде өзбекстандық 52 азаматтың қазасына қатысты сот ісі қаралады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы