374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде өзбекстандық 52 азаматтың қазасына қатысты сот ісі қаралады

  • 325
  • UPD: 23:05, 04.09.2018
Ақтөбеде өзбекстандық 52 азаматтың қазасына қатысты сот ісі қаралады

Ақтөбеде Өзбекстанның 52 азаматының автобуста қаза болу фактісіне қатысты сот ісі өтіп жатыр.

Көліктің жүргізушілері мен механик-маманы және автобус иесі жауапқа тартылуда. Оларға жол жүру ережесі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу бабы бойынша айып тағылып отыр. Қылмыстық кодекстің бұл бабы бойынша 2 немесе одан да көп азамат қаза болған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұған дейін қайғылы оқиғаға қатысты іс Ырғыз аудандық сотынан облыс орталығына көшірілгені белгілі. Жәбірленушілер мен өзге де осы іске қатысты азаматтардың шалғайдағы елді мекенге қатынауы қиынға түсетіндігі ескерілген. Айта кету керек, басты сот отырысына көршілес елден 11 азамат жеткен. Сотта бірінші болып жәбірленушілер тарапы тыңдалады.

Осы категория бойынша: « Таразда жаппай төбелестен 23 жастағы жігіт көз жұмды Астанадағы «ҚазМұнайГаз» ғимаратынан өрт шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы