365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда киелі жерде көргенсіздік жасамақ болған күдіктіні ұстау шарасы жүріп жатыр

  • 259
  • UPD: 13:20, 05.09.2018
Түркістанда киелі жерде көргенсіздік жасамақ болған күдіктіні ұстау шарасы жүріп жатыр

Түркістанда тапа тал түсте белгісіз біреулер қыз зорламақ болды. Оқиға Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жанында болды.

Жергілікті ішкі істер департаментінің мәліметінше, қаскөй алдымен кесене маңында қыздың телефонын тартып алған. Бағалы затын қайтарып алмақ болып, артынан қуа жөнелгенде көзден таса жерге сүйреп апарып, аяусыз ұрып соққан. Бойжеткенді кездестірген куәгерлер жедел жәрдем шарқыртып, көмек көрсеткен. Қазір жәбірленуші қалалық аурухананың жарақат бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қыздың бас ми жарақатын алғанын айтып отыр.

Салтанат Қарагөзова, Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Түркістан қаласында орналасқан ЖОО-ның бірінің студенті анықталды. Қыз өзінің арызында белгісіз тұлға өзін зорламақшы болғанын көрсеткен. Бұл жәйт бойынша Түркістан қалалық ішкі істер басқармасында «зорлауға оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда криминалдық полиция басқармасы күдікті азаматтың тұлғасын анықтады. Ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Осы категория бойынша: « Астанада жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды Павлодар облысы МКД басшысының әрекетінен жапа шеккендер іздестіріліп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы