374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда белгісіз біреулер автокөліктерді өртеп жіберді

  • 159
  • UPD: 13:26, 06.09.2018

Оралда белгісіз біреулер автокөліктерді өртеп жіберген.

Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Мұхит көшесі бойындағы бесқабатты үй маңында орын алған. «Тойота Королла» автокөлігінің салоны мен артқы бөлігі және «Газель» өртенген. Жалынды сөндіруге 7 адам, 1 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде. Бейнекамераның көмегімен күдіктілер іздестіріліп жатыр.

Осы категория бойынша: « Астанада көлік өртеніп кетті Теміртауда жүріп келе жатқан автобустан өрт шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы