365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде есірткі сатқандар сот алдында жауап берді

  • 174
  • UPD: 13:40, 06.09.2018

Ақтөбеде есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотта өз кінәларын мойындамай отыр.

Осы жылдың сәуір айында Ақтөбеде ұсталған күдіктілердің көлігі мен пәтерін тінту кезінде 60 келіден астам есірткі заты тәркіленген еді. Топтың ұйымдастырушысы 46 жастағы қала тұрғыны есірткіні Қызылордадан Ақтөбеге тасымалдаған. Ал топ мүшелері тұтынушыларға жеткізіп отырыпты. Бүгінгі күні қылмыстық топтың 55 тұрақты тұтынушысы анықталды. Қазір сотта куәгерлердің сөзі тыңдалып жатыр. Аса ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтау және тасымалдаумен айналысқан топты ұстау үшін облыстық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармалары бірігіп, жедел операция өткізген болатын.

Осы категория бойынша: « Қостанай-Арқалық бағытындағы жолаушылар пойызы тракторға соғылды Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ жарақатымен үш адам түсті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы