374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жүргізуші полицейге пышақ алып жүгірген

  • 184
  • UPD: 15:51, 11.09.2018

Ақтөбеде жол апатына кінәлі көлік жүргізушісі полициядан қаша жөнелген.

Ол соңына түскен тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, тіпті қару қолданбақ болды. Құқық бұзған жүргізушіні тоқтату үшін жол-патрульдік полициясы қызметкерлері ескерту ретінде аспанға 2 рет оқ атқан. Қаланың орталық көшесінде бүлік салған жүргізуші ұсталып, «Сазды» полиция бөліміне жеткізілді. Медициналық сараптама нәтижесінде 44 жастағы күдіктінің есірткі қолданғаны анықталды. Сондай-ақ ол бұрын сотталған болып шықты. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Осы категория бойынша: « Павлодарда 5 жасар бала құдыққа құлап түсті СҚО-да суға батып кеткен балықшының денесі табылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы