374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда пластикалық төлем карталарын қолдан жасаған алаяқ ұсталды

  • 189
  • UPD: 11:16, 13.09.2018
Алматыда пластикалық төлем карталарын қолдан жасаған алаяқ ұсталды Преступления

Бұл жөнінде Медеу аудандық ІІБ басшысы мәлімдеді.

Күдікті арам ойын іске асыру үшін Қытайдан техникалық құрылғы сатып алған. Соның көмегімен пластикалық карталарды жасаған. Алаяқ ақпарат көздері арқылы азаматтардың аты-жөні мен қаржылық қоры туралы ақпарат алған. Сөйтіп олардың пластикалық картасында сақталатын есепшотынан қаржы жымқырып отырған. Тергеу барысында күдіктіден жасанды 114 карта тәркіленді. Осы іске қатысты ҚР ҚК 118-бабы бойынша қылмыстық іс басталды. Ал 35 жастағы күдікті уақытша оқшаулау орталығына қамауға алынды.

 

Сарыағашта «ВАЗ» автокөлігін айдап кетпек болған азамат ұсталды

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында тәртіп сақшылары көлік ұрламаққа бекінген сезікті азаматты қолға түсірді. Күдікті құны 2,5 миллион теңгеге бағаланатын «ВАЗ» автокөлігін айдап кетпек болған. Бұл әрекеті іске аспады. Ізіне түскен полиция қызметкерлері оны ұрлық үстінде ұстады. Азаматтан көліктің есігін ашатын айғақты заттар табылған. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті бұрында сотты болған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір күдікті тұтқындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Алматы облысында пара алған көліктегі бақылау инспекциясының қызметкерлері қолға түсті

Алматы облысында ай сайын 6 млн теңгеге кенеліп отырған ұйымдасқан қылмыстық топқа тосқауыл қойылды. 9 адамнан тұратын қылмыстық топ облыстық көліктегі бақылау инспекциясының ішінде құрылған. Белгілі болғандай, инспекция басшысының орынбасары  қитұрқы, арам пиғылды ойларын қарамағындағы төрт қызметкерімен жүзеге асырып отырған. Бұл топқа Алматыдағы көліктік бақылау инспекциясының және төрт қызметкері қосылған. Оларға жүк тасымалдаушы компания  өкілдерінен Алматы облысы мен Алматы қаласы жолдарында ірі габаритті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру үшін пара алды деген айыппен күдіктеліп отыр.

 

Атырауда Мәжбүрлі өндіру бөлімінің басшысы парақорлықпен ұсталды

Атырауда қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының Мәжбүрлі өндіру бөлімінің басшысы парақорлықпен ұсталды.Ол кәсіпкерлерден анықталған салықтық бұзушылықтарды көрсетпеу, кәсіпкерлік қызметті заңсыз тоқтату үшін ақша бопсалаған. Жүргізілген жасырын-тергеу іс-әрекеттері нәтижесінде бөлім басшысы жеке кәсіпкерден 60 мың теңге көлеміндегі пара алу кезінде ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

 

Батысқазақстандық шенеунік парамен ұсталды

Ал Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық бюросымен пара алу бойынша Теректі аудандық әкімдігі Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi басшысының әккі әрекеті әшкереленді. Күдікті Теректі ауданында көшелердің бірін жөндеуші мердігерге рұқсат беру үшін 100 мың теңге ақша қаражатын алған. Бұдан бөлек, бөлім басшысы жалпы көлемі 7,1 млн жымқырды деп күдіктеліп, қамауға алынды. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары басталды.

Осы категория бойынша: « Атырауда ІІБ басшысының орынбасары ұсталды Астанада жекеменшік балабақшада өрт болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы